Тимур Бекмамбетов Қожа Насыр туралы мультфильм түсіруді қолға алды

КИНО
1228

Тимур Бекмамбетов Қазақстан мен Өзбекстанда Қожа Насыр туралы мультфильм түсіреді, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы. 

Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі аясында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Базелевс» компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды.

Келісім құжатына «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, «Базелевс» компаниясының бас продюсері Тимур Бекмамбетов және Өзбекстан Республикасы Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов қол қойды.

Айта кетейік, аты аңызға айналған Шығыс шаһарының кейіпкері Қожа Насыр туралы жаңа анимациялық жоба Қазақстан мен Өзбекстанда түсіріледі.

Сондай-ақ, Тимур Бекмамбетовтің «Базелевс» кинокомпаниясы «Қазақфильм» киностудиясымен және Өзбекстан Ұлттық кинематография агенттігімен бірлесіп, Қазақстан мен Өзбекстанда анимация мектептерін ашады. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...