2023 жылғы 8 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты к...
Физикадан Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Физикадан 2021 жылғы Нобель сыйлығын ғалымдар Шукуро Манабе, Клаус Хассельман мен Джорджио Париси күрделі физикалық жүйелерді түсінуге қосқан үлесі үшін алды, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы". Бұл туралы бүгін, бірнеше сағат бұрын Швеция корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті мәлім етті.
Аты әлемге әйгілі сыйлықты үш бірдей ғалым өзара бөліседі. Нақтырақ айтсақ, Манабе мен Хассельман марапаттардың бір бөлігін, яғни «Жер климатын физикалық модельдеу, өзгергіштікті сандық бағалау және жаһандық жылынудың сенімді болжамы үшін» иемденсе,екінші бөлігін Париси - «физикалық жүйелердің бұзылуы мен ауытқуларының атомдардан планетарлық масштабқа дейінгі өзара әрекеттестігін ашқаны үшін» қанжығасына байлады.
Осылайша, 10 миллион швед кронасы (1,14 миллион доллардан асатын) ақшалай сыйлық та лауреаттар арасында бөлінеді, қаражаттың бір бөлігін Манабе мен Хассельман қанағат тұтса, ал қалған жартысын Париси бөлек алады.