Талайлы тарихтың баламалы баяны...Өмірден солай сырғанап келем,Өзгерген оның қабағы.Тек Ажал бағзы с...
Жамбыл Жабаевқа арналған 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, зиялық қауым өкілдері қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлегенМемлекеттік хаты Қырымбек Көшербаев бұл жинақтың маңызына тоқталды.
«Біз бүгін ұлы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарыққа шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімне жиналып отырмыз. Ұлы жырауың соңында қалған соқталы шығармаларын ұлттың игілігне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу біз үшін ұлағатты парыз, асыл аманат. Мерейтой жылында ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің аясында жарық көрген осы көптомдықтар дер едім, - деді Қырымбек Көшербаев.
Тұсауы кесілген 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жырлары топтастырылған. Сондай-ақ, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдардың ғылыми зерттеулері, көрнекті ақын-жазушылардың естеліктері де енген.
«Бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ жамбытануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептейміз. Жыр алыбы Жамбылдың бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер, Жамбыл библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде жарыққа шықты», - деген Мемлекеттік хатшы туындының қазақ халқының руханиятына қосылған тағы бір құнды мұра болатынына сенім білдірді.