Қазақ мемлекеттік циркі жаңа бағдарлама ұсынады

Жаңалықтар
870

Қазақ мемлекеттік циркі «EXCENTRIKO» атты жаңа да жарқын бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама 2021 жылдың 23 қазанынан 14 қарашасына дейін жалғасады.

Цирк бағдарламасында Алматы циркінің үздік қойылымдарын ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік каскадерлер академиясының «Таурус» (АҚШ) сыйлығының лауреаты Жайдарбек Кунгужиновтың жетекшілігімен Атты-акробатикалық «Номад» тобы; 
  • «Эквилибр жұбы» VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің алтын жүлдегерлері – Талғат Уналбаев пен Индира Тұтқабекова;
  • «Үйретілген аюлар» номерінің жетекшісі – жыртқыш аңдарды үйретуші Василий Доронин; 
  • Цветной бульвардағы Юрий Никулин циркінде XVIII Мәскеу цирк өнері байқауының халықаралық жастар фестивалінде және II Минск халықаралық цирк өнері фестивалінің қола жүлде иегерлері – Адлет Тикановтың жетекшілігіндегі акробат-эквилибристері;
  • «Еркін сым» номері – цирк артисі Фарида Аширбакиева;
  • Жас талантты әуе гимнасты Ирина Храменкова Алматы циркінің аренасында «Кор-де-парель» номерімен алғашқы шығуы.

Казақ мемлекеттік цирк аренасында басқа да бірегей цирк нөмірлері ұсынылады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...