Мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды "Мәде...
Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы мақұлданды
Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беру мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Бұл туралы Қапшағай қаласының мәслихаты хабарлады.
Б.Шәйкенованың айтуынша қала әкімінің атына өңірлік «Қамқор жүрек» және «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестіктері, «Ана сәулесі» көп балалы налардың қоғамдық бірлестігі, «Семей полигоны» Қапшағай қалалық қоғамдық бірлестігі, «Алматы облысының орыс орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қалалық филиалы, ұйғыр және корей этномәдени орталықтары, «Қапшағай жарқын болашақ» қоғамдық бірлестік, «AMANAT», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары, кәсіпкерлер кеңесі секілді бірқатар үкіметтік емес ұйымдарынан Қапшағай қаласына «Дінмұхамед Қонаев» атын беру туралы қолдау хаттар түскенін хабарлады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» деп қайта атау туралы бірауыздан шешім қабылданды.