«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы

Жаңалықтар
1575

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «2022 жыл – Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастырады.

Байқауға қатысушылар: қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосуды мақсат еткен 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер. 


Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер және шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынайды. 

Байқаудың мерзімдері:

- Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын altyn.saqa01@gmail.comaltyn.saqa01@mail.rubalalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымша)жолдауы қажет;

- Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін ­қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;

- Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;

- Байқау қорытындысы бойынша 2 бағытта жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады. 

Жеңімпаздарды марапаттау:   

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты www.ruh.kzwww.adebiportal.kz сайттарынан алуға болады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (72­72) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...