Өрт сөндірушілеріміз мақтауға лайық. Елімізде 1 аптада өртенген 5 көлікті сөндірген

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1657

Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері ел аумағында бір аптаның ішінде 5 көліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Көліктердің өртену оқиғалары Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Павлодар облыстарында болған.

“ТЖМ күштерімен 2 жеңіл автомобиль, 1 жүк көлігі, 1 бульдозер мен 1 тіркеменің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ бүгін түнде Көкшетау қаласында екі қабатты тұрғын үй өртке оранып, оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру топтары жанып жатқан үйдегі ашық жалынмен арпалыса жүріп екі газ баллонын алып шыққан.

Ал екібастұздық өрт сөндіруші-құтқарушылар өрт шыққан 4-қабаттағы пәтерден құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен екі адам құтқарды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда түн ішінде темекі тартуға шыққан ер азамат кездейсоқ өз киімін өртеп, ауыр күйік алған....

PESTEL

Ресейдің Әзербайжандағы елшісі Михаил Евдокимов 14 қарашада Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне ша...