«Жауын жаумай су болған - Жазушылар одағы түлеуде»

Жаңалықтар
1959

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының I-ші пленумы «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» атты айдармен өтті.

Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мазмұнына кеңінен тоқталып, қаламгер қауымға жүктелер міндеттер жайын да  баяндады. Сонымен қатар осы Одақ басшылығына келген тоғыз айлық межедегі атқарылған істер мен келешек жоспар барысын да бүге-шігесін қалтырмай талдап, пленум алдында есеп берді. 

«Көпшілік сенімін алып, мойнымызға аманат артқан соң, «Жазушылар одағы» деген ұйымның тірі екенін аңғарту үшін - жанкешті қызметтер атқардық. «Жаңбыр жаумай су болған» Жазушылар одағын қайта түлетуге барлық күш-жігерімізді салдық. Азып-тозғаны аздай, мойнына қарыздың қара қамытын ілген қоғамдық ұйымды жаяу-жалпылы, еңбекақы тілемей, азаматтық борыш ретінде аяғына тұрғыздық. Бүгінгі күні жалақы төлейтін жағдайға жеттік.» деді төраға сөз арасында. Сондай-ақ халықаралық деңгейлерде қарым-қатынастар орнатып, төл әдебиетімізді өркендету мақсатындағы өрелі істерге тоқталды. Соның бірі 1973 жылы Алматыда өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясын жаңғырту еді. Бұл дүбірлі шара келесі жылы өз шешімін таппақшы.

Сөз ретін Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек алып, Жарғыға қатысты жобалық нұсқамен таныстырды. 

Жарыссөзге шыққан Қабдеш Жұмаділов, Смағұл Елубай, Серік Қирабаев және тағы басқа қаламгерлер, өз ойларымен ортақтасты.

«Жер қозғалса да ол қозғалмайды» деп түңіле бастаған қазақ руханият әлеміне соны самал соққандай әсер туды. Ел сенімін ақтар азаматтарымыз, нардың жүгін көтерер қазанаттарымыз бар екен деп тарасқан жұрт риза болды.


madeniportal,kz


author

Ұлықбек Есдәулет

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...