Қалбан Ынтыханұлы. Эрхудың тегі қобыз

МУЗЫКА
1275

Қазақта Қорқыттың қобызы туралы айтылатын керемет аңыз бар. Ал Қорқыт ата болса ежелгі оғыз тайпасынан шыққан, Сырдария бойында жасаған (ІХғасыр), артында өшпес әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға. Қобыз қазақтың дәстүрлі ұлттық музка аспабтары ішінде ыспалы аспаптар түріне жататын саз аспабы. 

Осы бір күй аспабы Ұлы Тұран даласында пайда болды және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінге жетіп отыр. Сондай-ақ бұл аспаптың Ұлы Жібек жолы арқылы ұзақ сапар тартып, сан қырдан асып шығыстағы Қытай еліне жеткенін  ұмытылған тарих ретінде айтып өткіміз келеді.

Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп,қобыз аспабын ойлап шығарыпты. Сондағы ойлап тапқан қобызына шығырған Қорқыт атаның өлеңі мынадай болыпты:


Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған, қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған, қобызым.

Өлеңде қобыздың неден, қалай жасалғаны айтылады. Бұл аспаппен әр қандай дыбысты келтіруге және адамның ішкі көңіл күйін әдемі жеткізуге болады. Аспап ­– нағыз құлақтан кіріп бойды алар керемет сазды әуен шығара алатын .

Біздің ата-бабаларымыз болып келетін ежелгі оғыздың отыз тайпасы пайдаланған қасиетті қара қобыздың бір кездердеҰлы Жібек жолы арқылы ұзақ жол жүріп шығыстағы Қытай еліне жетіпті.

Олайы қытайда эрху дейтін саз аспабы бар, қобызға өте ұқсаәды. Бұл аспаптың Қытайға таралғанына да бір 10-15 ғасырдың жүзі болған. Мамандар және тарихшылар бұл аспап кезіндегі Қытайдың Таң династиясы заманында Қытайдың батыс-терістігіндегі көшпеділерден Орта Жазыққа жеткен соң ел ішінде кең таралып, кейінгі жаңғыру үдерістерінен өтіп хань ұлтының ұлттық саз аспабы болып қалыптасты дейді. 

Сөзімізге дәлел келтіру үшін қытай тіліндегі эрху сөзін талдап көрейік. Әуелі қытайдың эрху сөзінеқарап-ақ бұл аспаптың ежелден қытайдың төл аспабы еместігін байқаймыз. Енді қараңыз, эрху сөзі қытайша 二胡 ероглифымен таңбаланады, осындағы «二 эр» екі дегенді білдірсе, ал «胡ху» ежелгі қытайлардың Батыс Аймақтағы көрші елдер мен ұлыстарға және көшпенділерге қойған жалпылама атауы. Ендеше бұл аспатың атына қарап оны «екі ху» деуге келеме? Әрине, жоқ. Олай болса二胡 эрхудың толық атауы二弦胡琴мағынасы «екі ішекті хулардың күй аспабы» дегенді білдіреді. Қытай тілінде сөздерді қысқартып, азайтып жасау ерекшеліктеріне сай二弦胡琴 бүгінгі二胡 эрху болып шыға келген. Сондықтан оның қытайларға көшпенділерден оның ішінде оғыздардан барғандығы сөзсіз және дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. 

Қарт тарихтың ізі қалған, сар тап болып сарғайған қағаздарда хатталған жазбаша дерек көздеріне үңіллер болсақ, одан да қобыздың Қытайға батыстан барып таралғанын, кейін уақыт өте келе эрху атанғаны туралы деректерді де оңай тауып алуға болады. Осы еңбегіміздің алдыңғы тарауларында Қытайдың Таң патшалығы тұсында Таң елі мен Батыс Аймақ арасында қарым-қатынас орнап, Ұлы Жібек жолы бұрын соңды болмаған деңгейде дамытылып, шығыс пен батыс арасында мәдени байланыстардың орнағанын айтып өткенбіз. 

 Сол тұстарда қаңлы, күсан, ферғана(дауан) елдерінен би және музыка өнерінің де Таң астанасы Чаң-ань қаласына жеткендігі, патша сарайында Батыс Аймақ елдерінің биі мен музкасы сынды өнер көрсетілімдері болып тұратын, ордалықтар ұнатып қалса дереу қабылдап,шеттен келген өнерді үйренетін жаңаша салт қалыптасқан. Оған мысал ретінде алды да таныстырылған қаңлы биін атауға болады. Қобыз да сондай би өнері сияқтыҚытайға келген болатын. Қытай жылнамасы Жоунамада:«Жу Уди түрік қызын кішілікке ханышайым етіп алды. Қыз ұзатылып келгенде Батыс Аймақтағы күсан, шалік, қаңлы елдері патшаның тойлығына арнап өз елдерінің күй аспаптарын тарту етті» (周书.卷五.武帝纪) деп хатталған. Таң дәуірінің әйгілі ақыны Цэнсань бір өлеңінде: 

Қолбасшы шатрында жайылып мол дастарқан,

Ұлықтыаттандырмаққашарап құйып шаттанған.

Тартылды пипаменен қиян сыбызғысы, 

Хучин құйқылжытты әсем әуен тамылжыған,[1] 《全唐诗》,三秦出版社,2008年.-деп жырлайды. 

Осында айтылып отырған хучин (хулардың күй аспабы деген мағынада) кезіндегі эрху. Тағы да өлеңнен байқағандарыыздай пипа, қиян сыбызғысы да сол тұста Қытайға Батыс Аймақтан барған күй аспаптары болатын. Қытай ғалымдары эрхудың Таң заманында хучин деп аталғанын сандаған деректерді көрсете отырып дәлелдейді. Кезіндегі хучинның қандай болғандығы туралы мынайдай бір мәліметті келтіре кетуді жөн санадық. Қытайдың Сұң дәуіріндегі әйгілі ғалымы Шэнко (1031-1095) өзінің «Мыңшиюань жазбалары» атты еңбегінде хучинді былайша түсндіреді: «Жылқының құйрығың ішекқып тағатын хулардың күй аспабы қытайдың шығысына дейін таралды, дауысы әуезді, құлаққа жағымды естіліді, тіпті әуенінің әсемдігіне аспанда ұшқан қаздың өзі айналып қалады» (沈括《梦溪笔谈》,宋代) деп жазған, сонымен бірге оның сол замандағы суретін салып көрсеткен. Бұдан тыс Қытай жылнамасы «Юаньнама. Жосын және күй баянында»: «Хучин(胡琴 ) қобыз(火不思 хуо-бу-сі) деп аталады, сабының басы имектеліп қос ішек тағылады, жылқының құйрығынан адырна сияқталып ысқысы жасалады» деп хатталған. Міне осындай тарихи деректерден эрхудың қобыз екенін айқын аңғарамыз. 

Ғалымдар эрху Қытайға Таң дәуірінде келді деп есептейді, үйткені Таң дәуірі Қытай тарихындағы ұлы дәуір, сол тұста Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы мәдени байланыстардың орнауына ешқандай шектеме қойылмаған. Қытай елі көп мәдениетті сол замандарда Батыс Аймақтан яғыни хулардан қабылдағынын тарихқа хаттап та қойған. Соның бір көрінісі ретінде 1959 жылы Қытайдың Ши-ань қаласы (Кезінде Таң патшалығының астанасы Чаң-ань) маңындағы Жоңбауцун қыстағы жеріндегі қорғаннан табылған таңсанцай (Таңсанцай 唐三彩 (Tang Tri-Color Glazed Ceramics) үш түсті Таң керамикасы. Таң дәуірінде керамикалы өнімдерге көбінде сары,ақ, жасыл түстерді пайдаланғаны себепті кейнгілер оларды Таңсанцай деп атасты) стиліндегі қыш мүсіндерді атауға болады. Ол қыш мүсін «Түйе үстіндегі күйшілер» деп аталады, мүсіннің биіктігі 58см, ұзындығы 41см қазіргі күні Шаньши тарих музейінде сақтаулы. Мүсінде түйеге кебеже теңделіп кілем жабылған, оның үстіне күй аспатарын тартып тұрған 7 ер адам және ортасында би билеп тұрған бір әйел адамның бейнесі кескінделген. Мүсіндегі түйе, кілем, адамдар, күй аспаптары және киім үлгілері түгел Батыс Аймақтағы ұлттардың ерекшеліктерін көрсетіп тұр. Бұл мүсін сол тұстағы ху мәдениетінің Қытай жеріне келгендігін әйгілейді, үйткені кілем жабылған түйе жібек жолының символы. Мәдениет, соның ішінде би мен күй Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс Аймақтан Қытайға кіргендігі туралы мәлімет осы бір мүсін кескідемесінде берілген. Ендеше Ұлы Жібек жолы арқылы қазақтың қобызы да сол көп мәдениеттермен бірге қытайға жетіп ал дегенде хучин одан кейін эрху атанып кеткен. 

Жоғарыда эрхудың арғы тегі қобыз екендігін анықтадық. Енді бүгінгі қытай эрхуының қазақ қобызымен ұқсастықтарын салыстырып көрейік. 

 Эрху екі ішекті, жылқының құйрық қылынан ысқышы бар ыспалы күй аспабы. Шанағы іші қуысталып алты бұрышты етіліп қара ағаштан не қызыл ағаштан жасалады, шанақ беті абжылан терісімен қапталады. Шанақ бетінің жылан терісімен қапталуы қытайлардың айдаһарды төтем етуімен байланысты. Сабы мен құлағы қара ағаштан не қызыл ағаштан, ішегі күмістен не алюминнен жасалса, тиегі үйеңкі ағашынан таңдалып жасалады. Ысқысы ақ жылқының құйрық қылынан таңдап алынып 70-85см ұзындықта жасалады. Эрхудың дыбыс әуені құйқылжығанда тереңнен сыр шерткен шежірешіні, кейде зарын төгіп жатқан мұңлықты көз алдыға әкеледі. . 

Қобыз қазақтың ұлттық музка аспабы, оның ішінде ыспалы күй аспабына жатады. Қобыздың басы, екі құлағы, иілген мойны, төмен жағында терімен қапталған шанағы, жылқының құйрық қылынан жасалған қос ішегі, мүйізден тиегі және қылдан ысқышы болады. Дыбыс ішек пен ысқыштың үйкелісінен шығады. Қобыз- қазақтың сан мыңжлдық тарихы бар атамұрасы. 

 Ұлы Жібек жолы тек сауда жолы ғана емес, тарихтың ақжал толқындары арасынан мәдениеттердің алмасуына дәнекер болған алтын көпір әрі мәдениеттердің куәгері. Сол үшін де ол бізідің мәдениетіміздің, әзіргі айтып отырған қобыздың мыңдаған жыл бұрын сан қырдан асып Қытайға барғанына куә болып отыр. 



Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...