Зал білім беру орындарындағы немесе өз бетімен шет тілдерің үйренушілерге қызмет етеді.Зал құрылым...
Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы. «Ұлттық бірегейлік - тәуелсіздіктің кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді
Қазақстан Республикасы Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы Алматы қалалық филиалы, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы қалалық фронт кеңсесі және «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қоры бірлесіп, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Ұлттық бірегейлік - тәуелсіздіктің кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ел тәуелсіздігінен бері Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының атқарған қызыметін саралап, жетістіктерін тұжырымдап, болашақ қызыметін дамытуға ұсныстар жасау.
Дөңгелек үстелде қарастыратын негізгі мәселелер:
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының еліміздің диаспора саясатының қалыпьтасуы мен дамуына және оның атқаруылуына сіңірген қызметі;
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының шетелдердегі этникалық қазақтардың Отанға оралуына қосқан үлесі;
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының шетелдердегі қазақ рухани және материалдық мәдениетінің отандық мәдениетпен ұштасуында атқарған рөлі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: көші- қон ардагерлері, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ЖОО магистранттар, докторанттар және қоғам белсенділері.
Уақыты: 2022 жылы қарашаның 25-і күні сағат 11:00-де
Өтетін орны: Алматы қаласы Достық даңғылы 85а мекен жайында Caspian Universiti-інің конференция залы.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қ., Ш. Уалиханова 43 а, e-mail: omaraly65@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (727) 273 90 25
моб.: +7 7017221888;