«КІТАП шоу – 2023» кітап фестиваліне шақырамыз!

КІТАПХАНА
1900

2023 жылғы 21 сәуірде, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАП шоу-2023» фестивалі, түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялаған «2023 жыл-Түркі өркениетінің даму жылы» аясында өткізіледі.

Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту,  сондай-ақ, түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау. 

Бағдарламада: 

-Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция; 

-Қырғызстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Шыңғыс Айтматовты оқимыз» атты  халықаралық дөңгелек үстел; 

- «ABAI» әдеби-танымдық, анимациялық энциклопедиясының тұсаукесері және кітап авторлары Р.Зайкенова, Қ.Қараевамен кездесу; 

-Танымал француз фотографы Жан-Марк Годестің «Жанды кітаптар» фотокөрмесі және шеберлік сағаты; 

-Танымал поляк жазушылары Петр Войцеховский мен Яцек Денельмен онлайн-кездесу;

-«Өркениет қайсысы: кітап немесе айфон»  пікір-талас алаңы;

-ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Түркі әлемінің бірлігі» атты күйтабақтар, кітаптар және мерзімді басылымдар көрмесі;

- Қазақстандық баспалардың кітап өнімдерінің сауда-жәрмеңкесі;

- «Оқы және өзгеге ұсын» буккросинг;

- Ұлттық шығармашылық қолөнершілер жәрмеңкесі.

Аталған шараларға ақындар, жазушылар, Алматы қаласының дипломатиялық корпусы мен тұрғындары, шығармашылық зиялы қауым, студенттер, оқушылар, ұстаздар, оқырмандар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері және т. б. шақырылды.

 Сіздерді «КІТАП шоу – 2023» кітап фестиваліне шақырамыз!

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...