Шертпе күй байқауында үздік домбырашылар марапатталды

МУЗЫКА
1594

Алматыда «Шертпе күй» республикалық дәстүрлі музыка байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жарыстың басты мақсаты – дарынды жас домбырашыларды анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту.



Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы талантты домбырашылар қатысты. Бас жүлде үшін 45 күйші бақ сынады. Бірнеше күнге жалғасқан фестиваль жеңімпаздарын Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтап, шығармашылық табыстар пен жарқын жетістіктер тіледі.



«Қазақтың шертпе күйі – ұлттық музыкамыздың ең құнарлы қазынасы. Оның тарихы, дәстүрі сонау көне замандардан бастау алады. Жалпы қазір дәстүрлі күй мен домбыраның насихаты, оған деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Мысалы, бүгінгі таңда тек «Artsport» бағдарламасы шеңберінде 643 домбыра үйірмесі жұмыс істейді, оған 26 мыңнан астам бала қатысып жатыр. Бұл – күй өнеріне деген ерекше ықыласты көрсетсе керек. Сол сияқты арнайы музыкалық мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында домбыра үйренушілер жылдан-жылға көбейіп келеді. Біз әрі қарай да қазақтың ұлттық дәстүрлі музыка өнерін дамытуға бағытталған игі іс-шараларды жалғастыра береміз», – деп атап өтті Дәурен Абаев.



Сонымен, байқау нәтижесі бойынша Мадияр Сүлейменов бас жүлде иегері атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Ал фестивальдің бірінші орын иегерлері – Нұрғали Төлеби мен Құдайбергенов Дарын 750 мың теңгеден иеленсе, екінші орынға Сырым Шонбаев пен Ардақ Елеусіз жайғасты, оларға 500 мың теңге бұйырды. Үшінші орынды Тұрсынбек Ілияс, Бекет Бексұлтан, Жарқыннұр Ержанат иеленіп, әрқайсысы 300 мың теңгеден алды. Ал Мәуетбек Лунара мен Нұржан Ілиясов «Үміт» арнайы дипломымен марапатталды. Жанту Дадабаев, Саматова Айымгүл, Тілеубек Інжу, Тоқтаров Дастан, Талапхан Ерболат фестивальдің дипломанттары атанып, арнайы ақшалай сыйақы иеленді.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...