2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комите...
Берік Әбдіғалиұлы Желтоқсан қаһармандарымен кездесті
644
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласында Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандармен танымдық кездесу өткізді.
Кездесу желтоқсан оқиғасына арналған көрмеден бастау алып, театрландырылған көрініспен жалғасты.
Өңір басшысы Тәуелсіздік күнімен барлық қатысушыларды құттықтап, желтоқсан оқиғасының еліміз үшін маңызды екенін атап өтті.
Облыс әкімі бастаған қонақтар 5-сынып оқушыларын "Жас ұлан" қатарына қабылдау рәсіміне қатысып, "Жас ұлан" белгісін тақты.
Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан сөз сөйлеген Айткүл Махметова 1986 жылы 16 желтоқсанда басынан өткізген естеліктерімен бөлісіп, кездесу ұйымдастырған қала әкімшілігіне алғысын білдірді.