Жезқазғандықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

РУХАНИЯТ
375

Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтілуде. Осы атаулы күнге орай Жезқазғандағы Алаш алаңында ҚР Тәуелсіздік монументіне салтанатты гүл шоқтары қойылды. 



Гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат хатшысы Б.Шыңғысов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Н.Нұриев, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жұртшылық өкілдері қатысты. 

Жиналғандар сол оқиғаларда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Желтоқсанның біздің ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи қадам болғанын атап өтті. Қазіргі және болашақ ұрпақ Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың отансүйгіштігі мен ерлігін ұмытпайды.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...