Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап интернет-дүкен жұмысы қайта жанданып, «...
Мақпал Жүнісова «Қазақ өнерінің қайраткері» атағымен марапатталды
2079
ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» медалімен марапатталды, деп жазады Sn.kz.
«Құрметті менің достарым, туысқандарым, жанкүйерлерім, сіздерге көп рахмет. Бәріңіз құттықтап жатырсыздар. Мінекей еліміздің мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегім үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» құрметті атағымен бүгін марапатталдым», – деп қуанышымен бөлісті әнші өзінің желідегі парақшасында.
Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ал 31 жасында ҚР Халық артисі атанды. Әнші 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, КСРО-дағы ең үздік әйел әншілердің ондығына кірді. Оның даусы – драмалық сопрано.