«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 9–11 мамырға арналған Қазақстандағы...
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Жетісу облысы ПД
3957
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жол апаты Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 239-шақырымында болған. Toyota Camry және Камаз соқтығысты. Өңірлік полицияның мәліметінше, жеңіл көлік жүк көлігінің артынан соққан. Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алған.
“Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.