Павлодарда колледжде төбелес болып, 16 жастағы қыз жарақат алған. Жәбірленушінің анасы үндеу жасады

Фото: egemen.kz

Жаңалықтар
216

Павлодар тұрғыны 16 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Pavlodarnews.kz жазуынша, ол Полиция департаменті мен прокуратура басшыларынан істі тергеуді бақылауға алуды сұрайды.

Әйелдің айтуынша, 5 қазанда Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенті баласына шабуыл жасаған.

Жасөспірім қыз бас сүйек-ми жарақатын, ми шайқалуын және беті мен бас аймағында көптеген жарақат алған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Сіздерге жүгінуге мәжбүр болып тұрмын, себебі қайғылы оқиғаның қайталануынан қорқамын. Тергеу қол қусырып отыр. Әлі күнге дейін бірде-бір куәгерден жауап алынған жоқ, оқиға орнынан бейнежазбалар бар болғанымен, тәркіленбеген. Өтініш бергеннен кейін екі апта өтті, әлі ешқандай шара қолданылған жоқ. Баламды ұрып-соққан қыз осыған ұқсас жағдайларға бірнеше рет түскен. Осы істі бақылауға алуларыңызды сұраймын, себебі колледж студенті қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, пышақпен жүр, – деді зардап шеккен қыздың анасы бейнеүндеуде. 

Ол жасөспірімді соққыға жыққан студенттің осындай жағдайларға бірнеше рет қатысқанын атап өтті.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің дерегінше, 16 жастағы қызға қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...