Президент Саха Республикасының басшысын қабылдады

Жаңалықтар
843



Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды. Бұл жайында Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.


Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...