Абай облысында 5 700 орынға арналған 11 мектеп салынады

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
663

Абай облысында 5 700 орындық 11 мектеп салынады. Бұл туралы өңірдің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Қуатжанұлы мәлім етті.

ҚазАқпараттың жазуынша:

«Жайлы мектеп» жобасы аясында жуырда облысымыздың Семей қаласында 1800 орынға арналған 2 мектеп, Аягөз қаласында 600 орынға арналған 1 мектеп, Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында 300 орындық білім беру орындарының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Жарма ауданының Т.Хасенұлы атындағы орта мектепке жылу қазандығы салынады. Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылында балалар лагерінің құрылысы басталады. Осы жылға білім беру нысандарының 14 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы бөлінді», - деді Айдын Қуатжанұлы.

Оның айтуынша, облыс аумағында тағы да 5 700 орынға шақталған 11 мектептің құрылысы жоспарланып отыр.

«Облысымызда 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарда. Атап айтқанда, Семей қаласында – 3600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында – 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында – 2 мектеп. 600 орындық мектептер, Бесқарағай және Жарма аудандарында– 300 орындық 1 мектеп салынады», - деп бөлісті басқарма басшысы.

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...