Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай?

Жаңалықтар
2837

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылы ҰБТ-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. 

ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. 
Тест тапсырмаларының саны – 120. 
Ең жоғары балл – 140. 
Жаңашылдықтар: 
Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру; 
Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік; 
SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару; 
Шекті балл жинамағандарға ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі; 
Болашақ педагогтер үшін шекті балл - 70; 
ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. 
Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды; 
ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі; Тестілеу уақыты 4 сағатқа созылады.

➢ ➣Мейрамханалар ашылды, той жасауға бола ма: Бас санитар жауап берді

➢ ➣ Қазақстандағы ең мықты 10 суретші

➢ ➣ Ұлы суретшілер картинасындағы қол нені меңзейді

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...