Әйгілі маэстро Алан Бөрібаев Венгрияда керемет өнер көрсетті

ТЕАТР
767

Алан Бөрібаев

«Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев Будапеште С.Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсының жаңа венгриялық қойылымын зор табыспен аяқтады. 

Музыка сыншылары мен тәуелсіз журналистер шетелдік баспасөзде қазақстандық маэстро жайлы таңданысқа толы пікірлерін білдірді. 

Вольфганг Санднер Frankfurter Allgemeine Zeitung газетінде (Германия) былай деп жазды: 

«Қазақстандық «Астана Опера» театрының дирижері Алан Бөрібаевтың тұлғасында ансамбльдің сенімді тірегі және Венгрия мемлекеттік операсы оркестрі мен хорының ұқыпты жетекшісі болды, ол қанша сезімтал болса, сонша мықты». 

 Bachtrack жанды және ағынды классикалық музыканың, опера мен балеттің әлемдегі ең ірі сайтының журналисі Элоди Олсон-Кунс те өзінің неміс әріптесімен пікірлес (29 қаңтар 2023 ж.). 

«Венгрия мемлекеттік операсының оркестрі Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен ғажап естілді, залдың акустикасы дыбысты бір уақытта әлдебір еліктіріп әкететін және толқытатын дүниеге айналдырып жібергендей болды», – делінген мақалада. 

№1 Slippedisc классикалық музыканың жаңалықтар сайтына жазатын Норман Лебрехт оркестр мен солистердің дыбыс шығарудағы теңгерімін атап өтті (29 қаңтар 2023 ж.). 

«Оркестр әншілердің үнін естіртпей тастамас үшін, оның зор қуатын ұстап тұру қазақстандық дирижер Алан Бөрібаевтың қолынан келді». 

Айта кету керек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев Венгрияда бірінші рет өнер көрсетіп жатқан жоқ. Дирижердің репертуарында әлемдік музыкалық әдебиеттің барлық дерлік озық үлгілері бар. Қазақстандық маэстро әлем бойынша ірі симфониялық оркестрлермен үнемі ынтымақтастықта қызмет етіп келеді, сондай-ақ еліміз бен «Астана Опера» театрын шетелде абыроймен таныстырып жүр.

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...