Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қ...
Облыс әкімі су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Төтенше жағдайлар жөніндегі облыс әкімінің орынбасары Ұ.Үсенов, ТЖ департаментінің бастығы Е.Байыров, бірқатар бейінді басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері облыстың ірі елді мекендері ауданындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді.
Жезқазған мен Қаражал маңындағы су тасқыны қаупі бар учаскелер, сондай-ақ Жаңаарқа ауданындағы шалғай су қоймасындағы бөгеттер қаралды.
Осыдан кейін өңір басшысы Қаражалға келіп, жергілікті билік пен қалалық штаб өкілдерімен ТЖ болдырмау жөнінде көшпелі кеңес өткізді. Кездесуде ағымдағы жағдай және көктемгі кезеңде қауіптің алдын алу үшін қажетті шаралар талқыланды.
Жиналғандарды су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысымен Е.Байыров таныстырды. Мәселен, Қаражал қаласының аумағында су тасқыны қаупі бар 2 елді мекен бар-бұл Шалғия кенті және Ақтай шағынауданы. Су басу кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін 21 бірлік инженерлік және қосымша техника, 4 мотопомпалар дайындалды.
Жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту, қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаладан 5000 текше метр қар шығарылды. Су басу кезеңінде инертті материалдар мен материалдық-техникалық құралдардың қоры дайындалады: 1200 қап, 500 тонна инертті материалдар, 2 тонна жанар-жағармай материалдары.
Кеңес соңында өңір басшысы қала басшылығына және барлық уәкілетті органдарға елді мекен аумақтарын су басуға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тұрақты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.