Сербиялық және израильдік әртістер қатысатын барокко музыкасының карнавалы

ТЕАТР
908

Сан алуан көріністер, атақты музыканттар, мазмұнды бағдарлама – мұның бәрі де 12-27 сәуір аралығында «Астана Операның» Мәрмәр, Камералық және Үлкен залдарында өтетін Барокко-концерттер топтамасы жайлы айтылады. Барокко музыкасы  карнавалын ұйымдастыру Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр дирижері Абзал Мұхитдиннің идеясы. 


– 12 сәуірде театрдың Мәрмәр залында барокко дәуірі музыкасының Гранд-концерті өтеді. Оған біздің сопранолар Айгүл Ниязова және Гүлдана Алдадосовамен қатар, концертмейстерлеріміз – оркестр солистері де қатысады. Барокко дәуірінің ұлы композиторлары – Бах, Вивальди, Гендель, Девьеннің музыкасы шырқалады. Концертке сербиялық дирижер Тамара Милованович қатысады. Бағдарлама театрдың Мәрмәр залында орындалады. Бұл зал кездейсоқ таңдап алынған жоқ, оның акустикасы жоғарыда аталған музыканы орындауға барынша сәйкес келеді, өйткені ол дыбыстың көбірек жаңғыруын талап етеді, – деп түсіндірді Абзал Мұхитдин. 


Барокко шамамен 1600 жылдан 1750 жылға дейінгі кезеңді қамтитын музыкалық стиль екенін атап өтуіміз керек, яғни ол Жаңару дәуірі мен классицизмнің арасында орналасқан. Қазіргі таңда барокко кеңінен зерттелуде. Оны қуана орындайды және тыңдайды. 


– К.Байсейітова атындағы Камералық залда 20-21 сәуірде «Қос түтік» фестивалі өтеді. Қос түтік қолданылатын аспаптар мыналар болып табылады: гобой, ағылшын кернейі, фагот және контрфагот. Олар үшін түтік қамыстан дайындалады. Өте көп ойнаса, ол небәрі бір-екі өнер көрсетуге ғана жетуі мүмкін... Біз әріптестеріміздің барлығына зор құрметпен қараймыз, алайда екі түтігі бар музыканттардың орны, әлбетте, айрықша. Мәселен, оркестрді күйге келтіру үшін гобой «ля» нотасын береді. Осынау фестивальдің бастамашылары – біздің концертмейстерлеріміз Дамиля Махпирова мен Әсет Нелдібаев. Бағдарламада жоғарыда аталған аспаптар үшін арнайы жазылған ең таңдаулы туындылармен қатар, сирек орындалатын музыкалық жауһарлар да шырқалады. Әдеттегідей, біздің фестивальдерде үзілісте кофе ішіп, жүрек жалғайтын мүмкіндік болады. Ғажайыппен тілдесу қуанышын бөлісу үшін қымбатты тыңдармандарымызды асыға күтеміз, – деді дирижер. 


Маэстроның идеясы мынадай, яғни музыканың ауқымды бөлігінің стилистикасын, оның қалың көпшілік біле бермейтін барлық ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

– 27 сәуірде израильдік мейман-дирижер Арик Гольдштейннің қатысуымен тағы бір ерекше концерт өтеді, – деп сөзін қорытындылады Абзал Мұхитдин.

Бағдарламаны құру кезінде көптеген тұстар есепке алынды, алайда ең бастысы – тыңдарманның жүрегінде із қалдыру, асқақ өнер мерекесін сыйлау болып табылады.

Медицина

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қ...

Жаңалықтар

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагоги...