ШҚО-да 700 грамм болып туған нәрестені дәрігерлер аман алып қалды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Медицина
69

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz yk-news.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

«Саша есімді нәресте Риддердегі Владимир мен Анастасия Богдаевтардың отбасында дүниеге келген. Бұл олардың үшінші баласы. Саша жүктіліктің 25-аптасында, яғни мерзімінен бұрын дүниеге келген. Оның салмағы 740 грамм болды», — деп жазады басылым.

Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін оны Өскеменге көшіруді жөн көрді. Жаңа туған нәрестені облыс орталығына жеткізу үшін «Қазмырыш» компаниясы вертолетпен көмек көрсетті.

«Алғашқы күндері Саша Өскемендегі Ана мен бала орталығының реанимация бөлімінде болды. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп, жасанды тыныс алу аппараты мен арнайы инкубатордың көмегімен қажетті температура мен ылғалдылықты қамтамасыз етті. Нәрестенің жағдайы жақсара бастағаннан кейін, ол анасымен бірге палатаға ауыстырылды», — деп жазылған материалда.

Анастасия ұлы Сашамен бірге ауруханада үш айдан астам уақыт өткізді. Қараша айының басында анасы мен нәресте үйлеріне оралды. Қазіргі таңда Сашаның салмағы 3,5 келі, ал бойы 50 сантиметр. Оның денсаулығын мамандар үнемі бақылауда ұстап отыр. 

Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме ж...

Жаңалықтар

Павлодар облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ алтын өндіру кәсіпорны салынады. Бұл өндіріс жылына 15...