Қостанай облысының Лисаков қаласында ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялардың бірінші халы...
Үндістаннан Қазақстан тарихына қатысты тың деректер табылды
2023 жылдың 21-ші сәуір күні сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптарұлттық орталығы» РММ «Қилы заман көші – құжаттық деректерде» атты Халықаралық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткізеді.
Үндістан Ұлттық архив қорларындағы ғылыми ізденістер нәтижесінде, қазақ халқының жерінен айырылып, талай ауыр кезеңді бастан кешіріп, ежелгі тұрағынан үдере көшкен кезеңдеріне қатысты маңызды құжаттар анықталды. Алтай асып, Баркөлден басталған қаралы көш Гансу, Шынқай, Тибет, Үндістан Пәкістан жерлерінен тұрақ таппай аман қалған өр рухтыларымыз туысқан Түркия еліне қоныстанады. Тарихи деректер бойынша, Қытай империясынан қысым көрген қазақтар Тибет асып, Үндістанға өтуді көздейді. Гималай асып, оба мен ыс ауруларын басынан өткізгені туралы мәліметтер осынау бір қиын-қыстау кезеңдердің дәлелі ретінде аса құнды тарихи құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар қилы заман көшіне қатысты тың деректер қатарына жатады.
Шараның мақсаты: «Архив-2025» мемлекеттік жобасының аясындаотандық және шетелдікархивтерден, музейлерден, кітапханалардан және ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихына қатыстықұжаттар мен деректерді анықтау және көшірмелерін алу бойынша жүргізілген ғылыми іздеу-зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғылыми айналымғаенгізу болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш жоба аясындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ҮндістанРеспубликасының Дели қаласындағы Үндістан Ұлттық архивінің қорынан елге әкелінген құжаттық деректерді ғылыми ортаға насихаттау.
Қатысушылар құрамы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілдері, жазушы Қазақстан жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы, Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі, Үндістан Ұлттық архивінің өкілдері, Қазақстандағы Үндістан елшілігіне қарасты Свами Вивекананда мәдени орталығының өкілдері, «Мемлекет тарихы институты» ММ ғалымдары мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалым-профессорлары, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысады деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушы: «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ.
Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптарұлттық орталығының көрме залы (кіру Ақмешіт көшесі жағынан)
Мекен-жайы:Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12
Байланыс: 8 7172 76 90 60, +7700 320 87 00