Не үшін келдік өмірге?

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
5358

Өз басым мектепте жүргенде ойланушы едім осылай. 

Не үшін келдік өмірге?

Өмір сүрудегі мақсатымыз не? 

Осы өмірге келіп қым-қуыт өмір кешіп арғы дүниеге кете барсақ, мына өмірге мән беретін не?

Енді 100-200 жылдан соң менің өмірде болғанымды кім біледі? Кім еске алады? 

Олардың мені еске алуынан не пайда?

Адамзаттық борышым тек ұрпақ өсіріп, еңбегіммен нанымды тауып жеумен өмірім өтетін болса, Құдайдың біздерге жануарлардан артық қылып берген санасынан не пайда?

Егерде, сол санамызды тек нан тауып жеп, ұрпақ өсіруден басқаға пайдалана алмасақ. Сонда, жануарлар дайын шөпті жеуді ғана білсе, біздерге берілген сананы, біздер сонда тек бидай өсіріп, ұн ғып пісіріп жеуге ғана пайдалана аламызба? 

Егерде, біздерге шөп жеп жүре беретін қабілет берілгенде, санада керек болмас еді ғой. Егер де, сананың біздерге берілудегі мақсаты осы болса, онда біздерге тек шөп жей алатын қабілет бере салған оңай болар еді ғой Құдайға. Сана беріп, әуре-сарсаңға салғанша. 

Демек, біздерге сана берілудегі мақсат, біздерді қоршаған материалдық әлемді пайдаланудан әлдеқайда биік мақсаттармен байланысып тұрса керек. 

Қазірге дейінгі оқығаныммен тоқығаныма сүйеніп, кішкене қорытынды жасасам, Құдайдың бір аты халық деген атам қазақ. Құдайдың біздерді жаратудағы мақсаты тек өзіне құлдық ұрғызып, адал құлға айналдырғысы келсе, онда бізге сананың орнына дәл сондай программа орната салғанда, қиыс баспайтын періштеге бергісіз адал құлы болып қала берер едік. Демек, Құдайдың бізге сана берудегі мақсатының мәні, бұдан да тереңде жатса керек.

Баз біреулер ойлар, "Санасы бар адамзат білім жинап, білімге ұмтылуға тырысуы керек" деп. Білімнің де мақсаты түптеп түбіне келгенде, адамның материалдық мұқтаждығына жұмыс жасап, соны саудалауға ұмтылады. Атам қазақтың сөзі бар. "Білімдінің парқын ілімдіге жолыққанда білерсің" деген. Демек, материалдық саладағы білімнен, рухани саладағы ілімнің дәрежесі әлдеқайда жоғары тұрса керек. Адам баласының материалдық мұқтаждығын, құлшылығын өтеп жүре беруіне сананың 10%-ы ғана жетеді екен. Сонда, қалған 90%-ын қайда пайдалан деп берілген? 

Адамзаттың руханиятын шексіздікке теңеген қаншама бабаларымыздың сөздері бар. Демек, санамыздың негізгі мақсаты сол руханиятымызды толыстырып, рухани әлемімізді танып білуге берілсе керек.

Біздер бір әңгімелерімізді "Рухты бабаларымыз......" деп бастай аламызда, ал керісінше "Рухты балаларымыз......!" деп неге бастай алмаймыз. Өйткені, қазақы руханияттан сусындап толысқан бабаларымызда болған, "Асқақ рухпен рұхани ілім", біздің балаларымызда жоқ. Біздердің, саналы қазақтың міндеті емеспе, сол ұрпаққа сондай руханият силау.

Біреуге силау үшін, алдымен өзіңде болу керек шығар? Жоқ болса қалай оны ұрпаққа силамақпыз?

Рухани әлемінен ажырап, материалдық әлемге бас ұрып, сол өздерінің қолдан жасап, "Өркениеттің" шырқау шыңына шыққан батыс әлемдері қазір дабыл қағуда. "Адами борышпен, рухани әлемі" бос кеңістікке айналған ұрпақтарына ұсынар балама таппай. Біздер сол жолдың барар межелі жерін біліп тұрып, сол жолдан бірдеңе дәметіп ұмтылудамыз. 

Демек, біздерге берілген сананыңда мақсаты бұл болмаса керек. Әулиедей бабаларымыз айтып кеткен ғой, "Тәрбиесіз берілген ілім, адамзаттың қас жауы" деп.

Жоғарыда айтып қалдым. "Құдайдың екінші есімі халық" деген бабаларымыз деп. Осы сөздің мағынасына терең үңілсең, "Сен құдайға сүйікті де адал құл болуың үшін, халқыңа да адал да сүйікті құл болуың керек" деген сөзді "оқисың".

Құдайдың алдында, сенің тек қана өзіне жатып-тұрып жасаған құлшылығыңнан, өзіңе берілген САНА-нын мақсатын толық пайдалануға ұмтылып, халқыңа да құлдық ұрып, адал құлы болуыңның бағасы кем түспесе керек.

Құдайдың назарына түсіп, разылығына ұмтылсаң, онда, халқыңа да адал болып, өз халқыңнын алдындағы өзіңнің адамдық борышыңа да адал бол! 

Егер де, Абай атамыз айтқандай, өзіңнін бір кірпіш екеніңді ұғынып, "тетігіңді тауып" қалана алмай, санаңнын 10%-ын ғана пайдаланып, қалған 90%-ын пайдаланбай Құдайдың алдына алып барсаң қайтадан, онда сенің қазір бюджеттен бөлінген ақшаны мақсатына толық пайдалана алмай, жыл соңында үкіметке қайтарып беріп президенттен ұрыс естіп жүретін министірлердің күйін кешіп қаламын деп ойланбайсың ба?

Демек, Құдайға адал болғың келсе, халқыңа, салт-дәстүріңе, тіліңмен-дініңе, орманымен суыңа да адал болуға міндеттісің. Тіпті, саналы ұрпақтың серпілісімен жеткен тәуелсіздігіңнің де адал құлы болуың керек!

Бұл сенің санаңның ең аз бөлшегін оята алғандағы қалануға тиіс "тетігің".

Ал егерде шамаң жетіп санаңды толық оята алсаң, онда, бүткіл адамзатқа қызмет ет!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Саналы ұрпағымыз қалыптастырып, саналы ғұмыр кешіп, Құдайдың аманатына адал болып өтейік!

Ал ағайындар!

Ой салса ойланарсыз!


Рустем Ашетаев  

Жаңалықтар

Сенат кулуарында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді,...

Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz....