Күні кеше елімізде тұңғыш рет ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдение...
Кітап Музейі
Кітап музейі 2014 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдығына орай ашылды.
Музейдің мақсаты – Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін басылымдарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету.
Кітап музейі отандық кітап тарихын көрсетуге; кітапты тарихи-мәдени процесстердің ажырамас бөлігі ретінде ашып бейнелеуге; Қазақстандағы кітаптың таралу тарихын ашып көрсетуге; оқырмандарды бірегей жазба ескерткіштер мен сирек басылымдарға тартуға; осы замандық оқырманды «жанды кітапқа» қайта оралтуға үндейді.
Музей XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жазба мәдениеттің даму тарихы, ислам өркениеті, оқулықтар мен оқу құралдары туралы әдебиеттер кірістірілген бірнеше бөлімдерден тұрады.
1-бөлім. «Жазу тарихының дамуы» (Түркі өркениеті (Күлтегін); Исламская өркениеті (Әбу Насир Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласасағұн, Мухаммед Хайдар Дулати), («Қазақстандағы алғашқы кітап – «Сейфілмәлік».- Қазан, 1807), Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Кұнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржакып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Б. Майлин, Ә. Бөкейхан және т.б.
2-бөлім. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген оқулықтар мен оқу басылымдары.
3-бөлім. Құран және ислам туралы кітаптар.
4-бөлім. Қазақстан туралы Қазақстанда және шет елдерде жарық көрген кітаптар (1945-2014 жж.).
5-бөлім. ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар.