Кеңес үкіметінің мұртын балта шаппай дәуірлеп тұрған шағы. Шіркін, пенде баласы сәл-пәл шыр бітсе, к...
Серік Қалиев бақилық болды
Алашқа белгілі азулы ақын, журналистка саласында де өнімді еңбек еткен Серік Қалиев бақилық болды.
Бұл жайында Бекен Қайратұлы әлеуметтік желідегі парақшасында: Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз, - деп жазды
Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Көзі тірісінде берге бір сұқпатында «Өлеңді мектепте оқып жүргенімде жаза бастағанмын,» - деген екен.
Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.
Мәдениет порталы ұжымы ақынның туыстарына, барша ағайынға қайғыра көңіл айтады.
Мәдениет порталы