Елде кәсіп жоқ. Қар кетісімен тырбанып бір-екі жер егін салса, жазғы кәсіпті сонымен бітті деп санай...
Елордада драматург Рахымжан Отарбаевтың екі томдық повестері таныстырылды
Елордада танымал қазақстандық жазушы, көрнекті драматург Рахымжан Отарбаевтың екі томдық повестері таныстырылды. Шығармаларды орыс тіліне жазушы Георгий Пряхин аударып, осыдан 1 ай бұрын Мәскеуде таныстырылған болатын.
Отарбаевтың шығармашылығына әр елдің оқырмандары үлкен қызығушылық танытады. Әдеби сыншылардың айтуынша, оның жұмыстары көп адамның жанына жақын, себебі шығармалары өмірдің мәні, рухани құндылықтар мен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы терең ойға жетелейді. Отарбаев туындыларын тек ана тілінде ғана жазғанымен, оның әдеби мұрасы көптеген халықтар арасындағы мәдени көпірге айналды. Айта кетейік, автордың кітаптары қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, қырғыз және араб тілдерінде жарық көрді.
АМАНГЕЛДІ КЕНШІЛІКҰЛЫ, ӘДЕБИ СЫНШЫ:
- Бұл өте танымал қылқалам шебері, сөз шебері, ол – тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де белгілі қаламгер. Менің ойымша, Рақымжан Отарбаевтың шығармашылығын зерттейтін адамдар одан көптеген құндылықтар табады, оның шығармашылығында әлі ашылмаған дүниелер жетерлік. Оның тағы бір зерттелмеген тұсы – оның драматургиясы. Көптеген талантты сыншылар Рақымжан Отарбаевтың драматургиясы туралы көп жазады. Менің ойымша, оның екінші шығармашылық өмірі ол өмірден озғаннан кейін басталды.