Қуыршақ театры Қарағанды төрінде өнер көрсетті

ТЕАТР
229

Қойнауы қазыналы қойылымдарға толы 88-жылдық тарихқа ие Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай бүлдіршіндердің қиялына қанат бітіріп жақсылыққа үндейтін өресі биік өнер ордасы.

Жас жеткіншектерді мағынасы терең қойылымдар арқылы адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеуді мақсат ететін театрымыз тек Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ғана емес, сонымен қатар, өзге де қала көрермендеріне арнап тағылымды туындыларды ұсынуда.

Театр ұжымы отыз сегіз жылдық терең тарихқа ие қуыршақ театрының анасы Құралай Ешмұратованың режиссерлігімен сахналанған әуезді ән мен көңілді биден құралған концерттік бағдарламадан тұратын «Қуыршақ думан» қойылымын Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарына тарту етті.

Украина, Армения, Прибалтика және шығыс елдерінің ұлттық билері сондай-ақ, Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздардың қуыршақ образдары бой көрсететін қойылым қуыршақтарын Халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің майталман артистері ойнатады. 

Терең тарихқа ие қасиетті мекен Қарағанды төрінде театрымыздың бойтұмарына айналған «Қуыршақ думан» қойылымы сүйікті бүлдіршіндерге рухани азық, ұмытылмас демалыс сыйлады.

Аталмыш қойылым ағымдағы жылы Талдықорған қаласы, Нарынқол және Кеген ауылдарының көрермендеріне ұсынылғанын еске саламыз.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры қуыршақ өнерін кеңінен дәріптеу, бүлдіршіндерді өнердің алғашқы мектебі – қуыршақ театрымен және аты аңызға айналған тұлғаларды қуыршақ бейнесінде таныстыру, адамгершілік асыл қасиеттерге баулу мақсатында елімізде ғана емес шет елдерге де гастрольдік сапармен баруды жоспарлауда.

Театр жаңалықтарынан қапы қалмаңыз, қадірлі көрермен!

Дастан ҚУАНДЫҚ

Мемлекет басшысы

Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кезд...

Жаңалықтар

Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста...