Астанадақыс қыс басталғалы 3,6 млн текше метр қар шығарылды

Жаңалықтар
111

Астанада 4 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1 600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды madeniportal.kz, Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала көшелерін, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 4 ақпан күні таңертең 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,6 мыңға жуық арнайы техника шықты.

Өткен түнде қаладан шамамен 53 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері бүгінге дейін полигондарға 266 мың рейс 3,6 млн текше метр қар шығарды.


Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...