Сұмдық нокаут: Қазақ жігіті ресейлік қарсыласын 100 секундта сұлатып түсірді (видео)

Жаңалықтар
13982

Ресейдің намысын қорғайтын этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Ол Екатеринбургте (Ресей) өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты. Оған жергілікті спортшы Олег Найденов (1-1) қарсылас болды. Жекпе-жек жылдам аяқталды – Хамзин 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Ол сол аяғымен Найденовтың бауырынан теуіп, соққының астына алып еді, төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Хамзин кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, ал Найденов екінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Ілияс ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді.


Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...