Ұлттық қордан балаларға төленетін ақша шетелдіктерге кетпейді - Қаржы министрлігі

Сенат
66

Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемнің шетелге кетпейтінін және шыға алмайтынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол Қазақстан азаматтығынан айырылған балаларға ақша аударылғаны туралы ешқандай факті естімегенін атап өтті.

"Шетелдік балаларға ақша аударылғаны туралы бірде-бір деректі естіген жоқпын. Егер мұндай факті анықталса, әрине, тиісті шаралар қолданылады Жобаға қатысудың маңызды шарттарының бірі – Қазақстан азаматтығы. Егер бала ел азаматтығынан айырылса, түскен ақша елде қалады. Барлық баланың шоты БЖЗҚ-да жинақталған, ондай жайт болғанның өзінде ақша ешқайда кеткен жоқ, себебі қазір ол бірыңғай оператор ретінде БЖЗҚ депозиттік шотында жинақталған. Ешқандай жеке банк шоттарына жібермейміз, бұл ақша Қазақстанда қалады", – деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік,   президенттің бастамасымен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны  Қазақстандық балалар 1-ақпаннан кешіктірмей алатыны айтылған еді. 1 ақпан күні Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады. Ұлттық қордан балаларға 700 миллион доллар бөлінді.