Ұйымды дамыту басымдығы

Сенат
91

Сенат депутаты Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері төрағаларының III кеңесіне қатысты, - деп хабарлайды madeniportal.kz. порталы egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қараша айында Минскіде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстанның төрағалық етуіндегі басымдықтарды таныстырған болатын. Сенатор Лукин бүгінгі кеңес барысында осы басымдықтар туралы жан-жақты айтып берді.

«Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты тереңдетуді жоспарлап отыр. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Қару-жарақтың заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күресте бірлескен күш-жігерді арттыру маңызды деп санаймыз. Жалпы, Қазақстанның төрағалық етудегі басымдықтары ҰҚШҰ-ны одан әрі қарқынды дамытуға бағытталған», деді депутат.

Андрей Лукин сонымен қатар әріптестерін Қазақстанның төрағалық ету кезеңіндегі ҰҚШҰ-ның негізгі іс-шараларының кестесі­мен таныстырды.

Жаңалықтар

Президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек еді, бірақ елде әскери жағдай сақталады, деп хабарлайды mad...

ӘДЕБИЕТ

      «Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады» деген екен қазағым. Өткен ғас...