Мобильді аударымдар мәселесі қайта қаралады - министр

ЖАҢАЛЫҚТАР
987

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мобильді аударымдар жайлы айтты, - деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фото: inbusiness.kz

Үкімет отырысынан кейін Ұлттық экономика министрілігіне мобильді аударымдар мен белгілі мөлшер шегінде тұлғаларды кәсіпкер деп тану мәселесін қайта қарау тапсырылды.

«Бұл маңызды сұрақ. Мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралады. Қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшем шарттарын әлі де егжей-тегжейлі талқылаймыз», деді  Нұрлан Байбазаров.

Үкімет мүшесі бұл мәселеге қайта оралатындарын жеткізді. Сондай-ақ министр мобильді аударымдарды тексеруді түбегейлі тоқтату туралы шешім қайта қаралмайтынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді аударымдарды жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңінде тексереді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бұл т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 4 жасар балақай тосын жағдайға тап болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Оқиға елорданың...