«Аяғы ауыр болып шықты»: Жамбыл облысында 14 жастағы қыз зорланды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
640

Жамбыл облысы полиция департаментінің өкілдері өңірде 14 жастағы қыздың зорланғанына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыздың зорланып, артынан аяғы ауыр болып қалғаны туралы ақпарат "НеМолчиKZ" қорының Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

"Анасы 14 жастағы қызына жедел жәрдем шақыртқан. Оның аяғы ауыр болып шықты. Жасөспірімді зорлаған. Бір топ адам болып зорлаған болуы мүмкін. Зорлық әрекеттерді жасағандар бостандықта жүр. Қыз баланың менталды бұзушылықтары бар. Анасы мен қызына ешкім көмек көрсетіп жатқан жоқ. Біз не істеу керектігін білеміз.

Анасының сөзінше, осы уақытқа дейін бірде-бір күдікті ұсталмаған. 14 жастағы қыздың жүкті болып қалғаны тергеу амалдарын жеделдетпеген", - делінген қор хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмаған қызына қатысты заңға қайшы әрекеттерге байланысты анасының арызы бойынша жедел түрде сотқа дейінге тергеу жұмыстары басталып кетті. Күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестің барлық қатысушыларының дәлелдері тексеріліп, дәйектерді жинау іске асырылуда", - деді полиция қызметкерлері.

Оған қоса тергеу органдары оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп анықтап жатқаны хабарланды. Полиция тергеу амалдары аяқталған соң заң жүзінде негізделген процессуалдық шешім қабылданатынын жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...