Хромтау ауданындағы «Магаджан» су бөгетінің қирауына қатысты тергеу ісі аяқталды. Өңірде...
Жаңа жылдан бастап елімізде ақылы жолдар саны өседі
Фото: Gov.kz
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақылы санатқа өтетін алты жол:
- Қарағанды - Балқаш - 363 шақырым;
- Бұрылбайтал - Күрті - 228 шақырым;
- Ақтөбе - Қандыағаш - 96 шақырым;
- Талдықорған - Өскемен - 768 шақырым;
- Атырау - Астрахань - 277 шақырым;
- Мерке - Шу - 78 шақырым.
Көлік және коммуникация министрлігі хабарлағандай, 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарда жоқ.
«Төлем тәсілдері бұрынғыша қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде өзін-өзі өтеуді қамтамасыз ету мақсатында ақылы төлемдер енгізілуде» деп жазылған хабарламада.
Ақылы жолмен жүру құны автокөліктің түріне ғана емес, учаскенің санатына да байланысты. Олар бірінші және екінші санатты болып бөлінеді.
Атап айтқанда I санат - бұл жолақтары көп (4-тен бастап) және өткізу қабілеті жоғары магистральдар (автомагистральдар, жүрдек жолдар). II санатқа жататыны - қозғалыс қарқындылығы аз жолдар, әдетте өңірлік орталықтарды қосатын, бірақ сапасы жоғары 2 жолақты жолдар.
Бірінші санаттағы учаскелер бойынша алдын ала және кейіннен төленген кезде бағалар келесідей болады:
- жеңіл автомобильдер - 2 және 2,5 теңге/шқ;
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 8 және 9 теңге/шқ;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 15 және 17 теңге/шқ;
- 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 22 және 26 теңге/шқ;
- 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 30 және 35 теңге/шқ;
- 15 тоннадан астам жүк көліктері - 37 және 44 теңге/шқ.
Екінші санаттағы учаскелер бойынша жол жүру арзандау. Алдын ала және кейіннен төлеу бойынша төлемдер келесідей:
- жеңіл автомобильдер - алынбайды;
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 6 және 7 теңге/шқ;
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 13 және 15 теңге/шқ;
- 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 19 және 22 теңге/шұ;
- 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 25 және 30 теңге/шқ;
- 15 тоннадан жоғары жүк көліктері - 31 және 37 теңге/шқ.
Жалпы заң бойынша ақылы жолдармен қызметтік міндеттерін атқару кезінде арнайы машиналар тегін жүре алады.
Мысалы, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, полиция және басқалары. Сондай-ақ жеңілдіктер:
- тұрақты жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автобустарға беріледі;
- жергілікті тұрғындар мен ұйымдардың жеңіл автомобильдері өз ауданы ішінде ақылы жолмен тегін жүре алады.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автокөліктері тегін жүре алады.