МЕКТЕПТЕ ЖЫНЫСТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПӘНІ КЕРЕК ПЕ? – МИНИСТР ЖАУАБЫ

Қоғам
691

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мектептерде балаларға жыныстық білім беру бойынша қосымша сабақ енгізу туралы айтты,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тамара Дүйсенова жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, қосымша пәндерді мектеп бағдарламаларына енгізуге қатысты ұсыныстар түсіп жатқанын атап өтті.

"Біріншіден, бұл мәселелер мектеп бағдарламаларында ескерілген. Мұғалімдер менің сөзімді растайды. Оқу жүктемесін арттыру арқылы бәрін шешу мүмкін емес. Тек мазмұнға интеграциялау арқылы, сондай-ақ жүйелік жобаларды іске асыру арқылы ғана осы бағыттарда нәтижелерге қол жеткізуге болады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір балалардың сабақтарын көбейте алмайды екен.

"Мен оны әртүрлі бағдарламалармен кеңейте алмаймын, бірақ олар біздің курстарымызда қазірдің өзінде баламалы түрде бар болуы керек", – деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...