Парижде қазақ әдебиетінің қос антологиясын француз тіліне аудару, басып шығару мен тарату жұмыс...
Қазақтың Моцарты Бейжің театрында өнер көрсетті
Қазақтың Моцарты атанған Рахат-Би Әбдісағын Бейжің театрында өнер көрсетті. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы «9 сиқырлы нота» атты жобасы қорытындыланып, гала-концертке ұласты. Қытай жұрты ұйымға мүше елдерден келген музыка майталмандарының өнерін тамашалады. Олардың қатарында Шанхай сегіздігінен шыққан 8 үздік пианиношы бар. Өнерпаздар бұған дейін ұйымның бас штаб пәтерінде жеке-жеке концерт берген болатын.
17 жасында өз елінің мәдениет қайраткері атанған Рахат-Би Әбдісағын ШЫҰ басты өнер кешінде Қазақстанды таныстырды. Композитор, пианиношы және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Фредерик Шопеннің «№20-шы Ноктюрн до-диез минор» деген туындысын орындады. Бұдан соң Шыңғыс Айтматовтың әңгімесіне жазылған «Жыл құсының зары» атты өз шығармасын ұсынды. Өнерге шекара шектеу болмайды деген осы шығар. Гала-концертке жиналған дүйім жұрт жерлесіміздің өнерін тамсана тыңдады. Рахат-Би Әбдісағын, композитор, пианиношы және халықаралық байқаулардың жеңімпазы:
– Бұл концерттің достық және ынтымақтастық тұрғыдағы маңызы зор. Шанхай ынтымақтастық ұйымы да осы идеяны паш етеді. Ал өнердің мәдениеттер мен халықтарды жақындастыратыны сөзсіз.
Қытай жұртына Рахат-Би Әбдісағынды таныстырудың қажеті де жоқ. Бұл кеш шынайы өнерді бағалай білетін көрермен мен сол өнер үшін жанын беретін музыканттың қауышуы болды. Гала-концерттен тыңдармандар ерекше әсер алғанын айтады.
Ли Цзо, көрермен:
– Мен бүгінгі кештен тамаша әсер алдым. Қазақстандық пиониношы Рахат-Би Әбдісағынның пианинода шебер ойнайтыны таңғалдырды. Әсіресе, «Жыл құсының зары» атты өз шығармасын тыңдап, көзге еріксіз жас аласың. Мұндай өнер мерекесі халықтар мен мемлекеттердің арасын жақындастырады.
«9 сиқырлы нота» жобасы «ШЫҰ – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын кешенді бағдарламаның аясында өткізіліп отыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің өнерпаздары осыған дейін 8 камералық музыка кешін өткізді. Ал Рахат-Би Әбдісағын ШЫҰ достық рухын асқақтатқан ең жас композитор атанды.
Нұрбек Бекен
www.24.kz