Көлік министрлігі үндеу жасады

Ауа райы
265

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Ауа температурасының –35 °C дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз», – деді вице-министр.

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеу шаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам жолшы тартылған.

«Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –40°C-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер сақталатын болады», – деді көлік вице-министрі.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...