«Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылды

Жаңалықтар
452

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен күрес жөніндегі комиссия Қазақстан санаторийінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жасамағаны анықталды. 2022 жылы сот 3 млрд теңге өндіріп алды. Алматы прокуратурасының апелляциялық шағымы негізінде шешім шығарылды. Бірінші сатыдағы соттың құрамы өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды», делінген хабарламада.

2013 жылы «Қазақстан» шипажайының директоры нысанның барлық мүлкін кепілге қойып, табыстылығын жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған. Шипажайдың директоры мен басқа да тұлғалар 2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін әрқайсысы бас бостандығынан айырылды.

4 мамырда Алматыда «Қазақстан» шипажайының бұрынғы басшысы Қазбек Сұлтан мен оның қызы Аяна Бейсебаеваға қатысты сот үкімі шықты. Қазбек сұлтан 10 жылға, қызы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

Apple Music музыкалық стримингтік сервисі 2024 жылдың басты әртісіні атады, деп хабарлайды madenipor...

Спорт

Қазақстандық 17 жасар киокушинкай каратэ шебері Елнұр Дауылбай Tokyo World Cup 2024 Кубогында жеңі...