Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

МҰРАЖАЙ
3666

Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай «Түркістан жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, 

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, сатирик Көпен Әмірбек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Ұлттық музей қызметкерлері қатысты. 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте Республикалық Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет ғимараты музейі ретінде ашылды. 

Қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-музейдің елорда төрінде көрмені өткізудегі мақсаты – Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көрме осы жылдың 29 тамызынан 1 қазанына дейін жалғасады.
 

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...