Криминалист саусақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты

Қылмыс
602

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының ПБ Шаған ПБ жедел-криминалистикалық тобының криминалисі Руслан Дускалиев терезеге қалдырып кеткен саусақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің ресми инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«2023 жылы қыркүйек айында «102» операторына жергілікті тұрғын хабарласып, сейфтен миллиондаған доллар ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, белгісіз біреу Орал қаласындағы тұрғылықты үйлердің біріне терезесін сындыру арқылы кіріп, сейфтен 10 мың доллар және 3 млн 700 мың теңге (шамамен 8 млн теңге көлеміндегі сомма) ақшалай қаражатын құпия түрде ұрлап кеткен», делінген хабарламада.
Руслан Дускалиев оқиға орнын, қылмыскердің келіп-кету жолын жан-жақты тексеріп, нәтижесінде ұры кірген терезеден қолдың іздерін табады.
Сондай-ақ хабарламада: «Іздерді жедел тексеру барысында криминалистикалық есеп базасы бойынша күдікті 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны екені анықталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәулікке жетпейтін уақыт ішінде қылмыскер ұсталды. Күдікті ұрланған ақшаны түгел жұмсап үлгермеген, ол тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Орал қаласы қылмыстық сотының шешімімен күдікті сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне жуырда енеді», делінген.

.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...