Ауа райының қолайчыздығына байланысты 8 облыста жолдар жабық тұр

Ауа райы
258
Осы уақыттағы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды madeniportal.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

  1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 118 км 3 автожол (Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты)

  1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» – Ерейментау қаласы – Павлодар облысы.
  2. «Екатеринбург-Алматы» – ПВП Жібек жолы – Қарағанды облысы шекарасына дейін.
  3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» – Қарағанды облысы шекарасы – Қабанбай батыр ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысын – 7 учаске, жалпы ұзындығы 1238 км (ауа температурасының төмендеуі)

  1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
  2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары – Берел-Рахманов қайнарлары ауылы (барлық көлік түрлері үшін)

Жетісу облысы – 2 учаске, жалпы ұзындығы 158 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

  1. «Алматы-Өскемен» – Үшарал қ. – Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
  2. Үшарал-Достық – Көктұма ст. – Достық ст. (барлық көлік үшін)

Қарағанды облысы – 5 учаске, жалпы ұзындығы 1397 км (ауа температурасының төмендеуі, қатты аяз)

  1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» – Қарағанды қ. – Абай обл. шек.
  2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» – Ақмола обл. шек. – Теміртау қ.
  3. «Қызылорда-Павлодар» – Қарағанды қ. – Павлодар обл. шек., Ұлытау обл. шек. – Топар ауылы
  4. «Екатеринбург-Алматы» – Ақмола обл. шек. – Теміртау ААП, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, ААП Теміртау-Қарағанды қ., Новостройка ауылы – Балқаш қ.
  5. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» – Павлодар обл. шек. – Ботақара а. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Қостанай облысы — 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін)

Павлодар облысы – 1 учаске, жалпы ұзындығы 1624 км 9 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

  1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Ұлытау облысы – 2 учаске жалпы ұзындығы 543 км (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты, екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшейді)

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай обл. шек – Ұлытау а. (барлық көлік түрі үшін), Жезді ауылы – Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)
  2. «Қызылорда-Павлодар» – Қарағанды обл. шек. – Жезқазған қ. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...