Жаңа заңда кәсіпкерлерге қойылатын талаптар азаяды

Сенат
311

Сенаторлар бизнесті жүргізу туралы заңды қарады. Заң негізінде артық бюрократия алынып тасталады және кәсіпкерлерге қойылатын талаптар азаяды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің депутаттары бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заңды кеңейтілген отырыста талқылады.

Заң кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қорғауға, бизнеске әкімшілік жүктемесін азайтуға, тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжатта жалпы 114 заңнамалық актіге, оның ішінде 12 кодекске және 102 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Мәселен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсарту, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіру, олардың ашықтығын арттыру, сауда нарығын жаңғырту мерзімдерін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту жөніндегі түзетулерді қамтиды.

Сонымен қатар құжатта маңызы жоқ талаптарды қысқарту, бизнеске рұқсат берудегі артық құжаттар мен рәсімдерді алып тастау арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамыту жағдайын жақсарту жөніндегі ережелер жазылған.

Жаңалықтар

Павлодар облысы Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде, де...

Жаңалықтар

Карина Мамаш дағдарыс орталығына балалары үшін барғанын айтады.  БАӘ-гі Қазақстан елшісі кең...