Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жолдар жабылды

Ауа райы
271

23 ақпан түнгі 01:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды madeniportal.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында – үш учаске, жалпы ұзындығы – 153 км. 

Ақмола облысында – бір учаске, жалпы ұзындығы – 28 км.

Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол.

Шығыс Қазақстан облысында – барлығы 7 учаске, ұзындығы – 1238 км.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол. 

Солтүстік Қазақстан облысында – екі жол, жалпы ұзындығы – 59 км. 

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол.  

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.  

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...