Анасын іздеген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

Жаңалықтар
143

Ол бүгін алғыс күніне орай өтетін іс-шараға қатысады. Бұл туралы Qazradio.fm инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жәнібек Савельевтің Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» іс-шарасына қатысатыны жоспарланған.

«Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр», делінген аталған инстаграм парақшада.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Мың алғыс" шарасында Жәнібектен бөлек, 1930 жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...