VIII халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі өтеді

Жаңалықтар
1139

Маусым айының 3-7 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында VIII халықаралық өнер фестивалі «Астана кештері» бастау алады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". «Астана кештері» өнер фестивалі – музыкалық өнер кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың бірі. Биыл халықаралық фестиваль аясында отандық және әлемдік өнер жұлдыздары бір сахнада өнер көрсетіп, 5 қайырымдылық концертін өткізеді. 

«Астана кештері» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен аталмыш өнер мерекесін жыл сайын өткізу 2012 жылдан бастап игі дәстүрге айналды. Фестивальдің басты мақсаты– халықтың түрлі әлеуметтік топтарына әлемдік өнердің жауһарларын тамашалауға мүмкіндік беру. Сондықтан қайырымдылық мақсатта өткізілетін бұл жобаның концерттеріне барлық билеттер тегін таратылады. Әлемде теңдесі жоқ фестивальдің ерекше қонақтары – мүмкіндігі шектеулі жандар. Ұйымдастырушылар оларға концерттерге келуі үшін арнайы көлікпен қамтамасыз етеді.

Әлемнің үздік сахналарын бағындырған танымал өнер жұлдыздары классика, халық өнері, эстрада бағытындағы музыканың озық үлгілерін тарту етпек. Концерттер «Қазақстан» ОКЗ, «Астана опера» камералық залы, ҚазҰӨ орган залы сынды Нұр-Сұлтанның үздік саханаларында өтеді.  

Биылғы фестиваль Қазақстанның ең үздік опера дауыстарының бірі, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаевтың бенефисімен ашылмақ. Кеш қонақтары – Ресей Үлкен театрының жетекші солисі Анна Аглатова, А.Навои ат. Өзбек мемлекеттік үлкен театрының солисі, Өзбекстанның халық артисі Рамиз Усманов, Мариинский театрының солисі Наталья Павлова. 

4 маусымда Камералық музыка кешінде итальяндық және қазақстандық сахна шеберлері өнер көрсетеді. Италияның атынан әлемге әйгілі альтист Анна Серова, фортепиано дуэті Марко Скьяво – Серджо Маркеджани, ал біздің елдің атынан әйгілі пианист, «Құрмет» орденінің иесі, «Forte Trio» мемлекеттік триосының жетекшісі Тимур Урманчеев, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка) және Мұрат Нарбеков (виолончель) шығады.

5 маусымда симфониялық музыка сүйер қауым заманымыздың ең таңдаулы пианисі Бехзода Абдураимова (Өзбекстан-АҚШ) және ҚР халық артисі Айман Мұсаходжаева сынды қос жұлдыздың концертіне барады.

Орган концерттеріне биылғы 6 маусымда Париждегі Әулие Николя дю Шардоне шіркеуінің органисі Мари-Аньес Граль-Мене келеді.

Фестиваль 7 маусымда «4 рояль & альт» аспапты концертімен аяқталады.

Итальяндық альтист Анна Серова Қазақстанда тұңғыш рет Роберто Молинеллидің «Lady Walton’s Garden» шығармасын орындайды, сондай-ақ бұл концертті Абай ат. МАОБТ бишісі Нельсон Пеньямен жұптасқан аргентиналық тангомен тәмамдайды. «Астана кештерінің» арнайы қонағы итальяндық композитор Сальваторе Фрега фестивальге “Magic Horse” оркестрлік пьесасын тарту етті. Ол бұл шығармасы үшін Лос-Анжелестегі Akademia Music Awards-2019 салтанатында бас жүлдемен марапатталған. Автор шығармасының Қазақстандағы тұсаукесеріне 7 маусымда келеді.

Билеттерді «Қазақстан» орталық концерт залының кассасында тегін алуға болады.

Фестиваль кестесі

3 маусым (19:00) «Қазақстан» ОКЗ: Медет ШОТАБАЕВ «Ұстазға алғыс»

Анна АГЛАТОВА (сопрано, Ресей); 

Наталья ПАВЛОВА (сопрано, Ресей)

Рамиз УСМАНОВ (тенор, Өзбекстан)

 «Академия солистов» Мемлекеттік оркестрі

дирижер Константин ХВАТЫНЕЦ (Ресей)


маусым (18:00) «Астана Опера» камералық зал: Камералық музыка кеші Анна СЕРОВА (альт, Италия)

Марко СКЬЯВО - Серджо МАРКЕДЖАНИ (фортепиано, Италия)

Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано, Қазақстан)

Динара БАЗАРБАЕВА-САХАМАН (скрипка, Қазақстан)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель, Қазақстан)


маусым (19:00) «Қазақстан» ОКЗ»: Классика жұлдыздары

Бехзод АБДУРАИМОВ (фортепиано, Өзбекстан

Айман МҰСАХОДЖАЕВА (скрипка, Қазақстан)

«Академия солистов» Мемлекеттік оркестрі

дирижер Евгений БУШКОВ (Ресей)


маусым(19:00)ҚазҰӨИ орган залы: Орган музыкасының кеші

Мари-Аньес ГРАЛЬ-МЕНЕ (орган, Франция)


маусым(19:00) «Қазақстан» ОКЗ»: «4 рояль & альт»

Анна СЕРОВА (альт, Италия)

Марко СКЬЯВО (фортепиано, Италия)

Серджо МАРКЕДЖАНИ (фортепиано, Италия)

Рафаэле Д’АНЖЕЛО (фортепиано, Италия)

Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано, Қазақстан)

Арман ТІЛЕУБЕРГЕНОВ (фортепиано, Қазақстан)

«Академия солистов» Мемлекеттік оркестрі

дирижер Евгений БУШКОВ (Ресей)


Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...