Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Жаңалықтар
362

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты басталады, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 аймақтан 14 клуб қатысады. Олар: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».

Чемпионат 1 наурыз күні сағат 14:30-да елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командаларының ойынымен басталады.

Одан бөлек алғашқы турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі.

Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...