Мәжіліс құрамына жаңа депутат келді

Жаңалықтар
651

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Н. Байтілесов.

Нұрсұлтан Төленұлы 1991 жылы туған.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2020 жылы ол Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.

Айта кетейік AMANAT партиясы cаяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлына берілді.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...